"Біздің есептеуімізше, спортшылардан 2500 адам, екі қалаға келетін ресми қонақтар мен туристер ағыны жалпы 10 мыңдай адамды құрайды деп күтілуде", - деді С. Қалмырзаев.
Оның айтуынша, Азиада нысандары қарқынды салынып жатыр, нысандар уақытында пайдалануға беріледі.
Ол Азиаданы өткізуге шамамен 20 млрд теңге қарастырылып отырғанын еске салды. Қазір "жетекші нысандардың бірі - 30 мың көрерменге есептелген Астанадағы орталық стадион салынып бітті, онда ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтеді". Сондай-ақ, қазір "Медеу" мұз айдыны, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен "Қазақстан" спорт кешені жаңалануда.