Азиада-2011 шарасына арналған автошеру Астанадан Финляндияға жол тартты

Автошеру VII Қысқы Азия ойындарының ашылуына қалған уақытты есептеп тұрған стеладан бастап жолға шықты. «Sport racing club» ұжымының автомобилистері Көкшетау мен Петропавл қалалары арқылы Ресейге өтіп, Қорған, Екатеринбор, Қазан, Ярославль және Санкт-Петербор шаһарларымен тамыздың 5-іне дейін Финляндияның Ювяскюлясына жетуге бел байлап отыр. Олар Финляндияда өткелі отырған WRC әлемдік ралли кезеңіне жету үшін 9000 шақырымдық жерді көліктерімен еңсеріп өтпек.

Автошеру «Sport racing club» ұжымының, 7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы дирекциясы және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен қолға алынды.