Азиада-2017: Саппоро қаласында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғы шаңғышы Елена Коломина Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында екінші орынды иеленді. Бұл сайыста Елена Коломина бөлек Тамара Эбель, Елена Коломина, Ангелина Шурыга, Марина Матросовалар өнер көрсеткен болатын. Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.