Азиада-2018: 15-ші алтын. Рейтинг өзгерген жоқ

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті.

Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан.

Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.


 
15 - алтын, 17 - күміс, 43 - қола медаль ұтқан Қазақстан құрамасы жалпы есепте 9-шы орында тұр.