Аталмыш ойындар Джакарта қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мырзағали Айтжанов: Жеребе болмай, қарсыластар туралы айту ерте Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді. Жакартада бокстан Қазақстан намысын 49 келіде - Теміртас Жүсіпов, 52 келіде - Азат Махметов, 56 келіде - Қайрат Ералиев, 60 келіде - Саматәлі Толтаев, 64 келіде - Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде - Асланбек Шымбергенов, ал 74 келіде Әбілхан Аманкұл қорғайды. Айта кеткен жөн, биылғы Азия ойындарына 81, 91 және 91 келіден жоғары боксшылар қатыспайды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Жазғы Азия ойындарында Қазақстан боксшылары 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған болатын.