Азиаданың салтанатты ашылуына арналған билеттер сатылуда

Бұл туралы бүгін 7-қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы маркетинг департаментінің демеушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы Рустам Шайжүнісов айтты.

«Азиаданың ашылуы кезінде елордадағы «Астана Арена» стадионының сыйымдылығы 27 мың адамға арналмақ. Бүгінде 18 мыңға жуық билет сатылды»,-деді ол.

Р. Шайжүнісовтың сөзіне қарағанда, соңғы күндері билеттерді сатып алу деңгейі арта түсті. «Қазіргі кезде билет аз қалды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, аталған шараның салтанатты ашылуына орай сатылып жатқан билеттер әлі де бар»,- деді ол.

Азиаданың ашылуына арналған билеттер Астанадағы «Алматы» бизнес орталығы мен «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында сатылып жатыр.