Атап айтқанда, Астанадағы Республикалық велотректе мәнерлер сырғанаудан жарыстар басталады. Ал Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада аясындағы екінші ойынын Қытайлық Тайпеймен өткізеді. Осы күні Жапония мен Корея хоккейшілері де өзара шеберлік байқасады.
Алматыда «Шымбұлақ» базасында тау шаңғысы спортынан ерлер суперкомбинация бойынша сынға түседі. «Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде Фристайлдан іріктеу сыны болады, содан кейін әйелдер мен ерлер параллель могул жаттығуы бойынша мықтыны анықтайды. Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден әйелдер командалары арасындағы жарыс шеңберінде Жапония-Солтүстік-Корея, Қытай-Қазақстан құрамалары ойнайды. Солдат шатқалындағы Шаңғы-биатлон стадионында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 5 шақырымдық жекелей сын, ерлер арасындағы 10 шақырымдық жекелей сын жарыстары болады. Сондай-ақ осы стадионда биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы өтеді. Бұған қоса шаңғымен бағдарлаудан ерлер мен әйелдер алыс қашықтыққа сынға түседі. «Медеу» биік таулы мұз айдынында допты хоккейден алдын ала ойындар жалғасады.