Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жеңіліп, қола медальға ие болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.