Caravan Logo

"Азия чемпионатының финалы": Бүгін 7 қазақ боксшысы өзбек боксшыларымен алтынға таласады

"Азия чемпионатының финалы": Бүгін 7 қазақ боксшысы өзбек боксшыларымен алтынға таласады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

8 қарашада өткен ерлер арасындағы жартылай финалда шаршы алаңға шыққан қазақстандық 10 боксшының 9-ы финалға шыққан еді.

— Бекзат Нұрдәулетов, 86 кг

— Сағындық Тоғамбай, 92 кг

— Айбек Оралбай, 92+ кг

— Диас Молжігітов, 75 кг

— Абылайхан Жүсіпов, 71 кг

— Дулат Бекбауов, 67 кг

— Оразбек Асылқұлов, 57 кг

— Махмұд Сабырхан, 54 кг

— Санжар Тәшкенбай, 48 кг

Құрлықтық доданың ерлер арасындағы финалдық кездесулері бүгінге, яғни 11 қарашаға жоспарланған. Қазақстандық 9 боксшның 7-і өзбекстандық боксшылармен жұдырықтасады.