Әзілдеймін деп әкесін өлтіріп алды (видео)

Бейнежазбада егде кісі есіктен шығып, қонақ күтуге арналған аулада үстелдердің арасымен кетіп барады. Баласы үстелдердің бірінің астына жасырып отырады. Әкесі маңынан өте берген кезде жамылып алған матасын желбіретіп, аруақ секілді бірден атып шыққан. Әкесінің селт еткенін ол Тik tok-қа жүктемек болыпты.

Оғаштау әзіл әкесінің өліміне түрткі болды. Шошып кеткен әкесі бірнеше секундтан соң жүрек тұсын ұстап, жерге бүктеліп құлап түскен. Баласы орнынан тұрғызбақ болып, әкесінің жанына жүгіріп барады.

Бұл жайт Өзбекстан тұрғындарының жағасын ұстатып отыр. Осы бейнежазбаның астына жұрт "ақымақ" деген бір ғана сөз жазып жатыр.