Жаңа өзгеріс «Қаржы нарығын бақылау» палатасының қолдауына ие болған соң және сот шешімі шыққаннан кейін күшіне енеді. Нәтижесінде банктің 3,3 миллиард доллар қарызы жойылып, оның орнына шетелдік несие берушілерге банк пен мемлекет шығарған құнды қағаздар ұсынылады, деп хабарлайды "Хабар-24".
Сондай-ақ кредиторларға 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығындағы кезең үшін пайыздар төленеді. Әзербайжан банкінің Қазақстан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы міндеттері де осы санатқа жатады. Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Маис Пириев: «Жоспар банктің де, несие берушілердің де мүддесіне сай», - дейді. Банктің қарызын қайта құрылымдау жобасын қолдағандар 22 тамызға дейін қаржы ұйымына қояр басқа талаптарының жоқ екенін қағаз жүзінде тапсыруы керек.