"Біз ғарышқа өзіміздің жер серігімізді ұшыруды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл ойымыз 2008 жылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оған дейін, осы операцияның қаншалықты мүмкін және тиімді екеніне экономикалық сараптама жасап, соның негізінде тиісті шешім қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Әзірбайжан байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Әли Аббасов.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде әзірбайжан жағы бұл жобаның мақсатқа лайықтылығын байқап білуде.
Қазақстан, Әзірбайжанға үстіміздегі жылы 18 шілде күні Жер шары маңындағы орбитаға ұшырылған "KazSat" жер серігін пайдалануды ұсынды. "Қазақстан барлық көрші елдерге, оның ішінде Әзірбайжанға да "KazSat" жер серігін пайдалануды ұсынды. Қазіргі кезде біз Еуропа елдерінің және Түркияның жер серіктерін қолданып жүрміз, бірақ бұл ұсынысты да байқап көреміз", - деді Ә. Аббасов.