Бұл туралы Әзірбайжан дипломатиялық академиясында РФ Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың қатысуымен өткен кездесуде елдің Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев мәлім етті.
«Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа да, Еуропалық одаққа да мүше болуды жоспарлап отырған жоқ. Өйткені, олардың қай-қайсысы да экономикалық қана емес, саяси астары бар жобалар», - деді Ш.Мұстафаев.
Әзірбайжан мен Ресей арасындағы сауда-саттықта ешқандай қиындық жоқ. Ресей Әзірбайжанға тауар импорттауі жағынан бірінші орында тұр. Елге келетін импорттың 14 пайызы РФ-на тиесілі, деді министр.
А.Улюкаевтың айтуынша, ЕАЭО қосылу арқылы Әзірбайжан адами ресурстардың еркін қозғалуына, инвестицияның артуына, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, ауыл шаруашылық саласын дамытуға мүмкіндік алады.