Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады, - деп хабарлайды РИА Новости мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзірбайжан Конституциясына сәйкес, бірінші вице-президент мемлекет басшысы өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігін алады. "Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев сейсенбіде әйелі Мехрибан Ариф гызы Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер