Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен Астана қаласында 28-30 маусым аралығында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында айтылып, мұсылман әлемінде кең қолдауға ие болған ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде арнайы органын құру жөніндегі бастамасын талқылау аясында өтті.
Осыған байланысты, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің көкейкестілігі, сондай-ақ Қазақстан басшысының беделі ескеріле отырып, Президент Н. Назарбаевтың бастамасы Әзірбайжан тарапынан жан-жақты қолдауға ие болды.