Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, олар өткен жексенбіде Астанада уақытша тұрып жатқан пәтерден ұсталған.
"Пәтерді қарау кезінде полиция 2 патроны бар "ОСА" маркілі тапанша, 12 калибрлі 4 патрон, "ТТ" маркілі тапаншаның 3 патроны, Калашников автоматының 5,45 калибрлі 6 патроны, 4 пышақ салынған пакет тапқан", делінген хабарламада.
Республика Қылмыстық кодексінің 251 бабы бойынша (қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау ) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.