«Азия балалары» V Халықаралық спорттық ойындарында Қазақстан құрамасы 70 медаль еншіледі

Бүгін осыған орай елордада баспасөз мәслихаты өтті.

ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің Спорттық жоғары жетістіктер департаменті директорының орынбасары Мәлім Сапашевтің айтуынша, әлемнің 27 елінен 2 мыңнан астам спортшысы қатысқан сайыста еліміздің намысын 92 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша 19 алтын, 16 күміс және 35 қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2 орынға тұрақтады.

М.Сапашевтің айтуына қарағанда, жеңіл атлет Ислам Аманғол құрама қоржынына 2 алтын медаль салумен қатар ойынның жабылу салтанатында Якутия президентімен қатар отырып, сайысқа қатысушылардың атынан сөз сөйлеген.

«Азия балалары» ойындарын ұйымдастыру штабы біздің делегацияның ұйымшылдығына, тәртіптілігіне, сонымен қатар жанкүйерлеріміздің үздік болғандығына ерекше назар аударғандығын айта кетім келеді. Те біздің жанкүйлер ғана емес, сонымен қатар басқа да көрермендер әнұранымызды жаттап алып, марапаттау рәсімінде қосыла айтып отырды», - деді ол.