Азия чемпионатының ақтық сынында қазақстандықтар Катар волейболшыларымен кездеседі


Жерлестеріміз кеше жартылай финалда катарлықтарды 3:2 (20-25, 25-18, 25-15, 23-25, 15-7) есебімен ұтқан болатын. Алғашқы кезеңде өз тобында 3-орынды қанағат тұтқан олар екінші кезеңде Ауғанстан , Тайпей құрамасын 3:0 етіп жеңген еді. Ал жүлделі орындарды Қытай, Австралия, Иран және Оңтүстік Корея құрамалары өзара сарапқа салмақ. Жапония, Шри-Ланка, Пәкістан, Үндістан волейболшылары болса 5-8 орынға таласады.