Азия даму банкінің жаңа басшысы болып Жапонияның бұрынғы қаржы министрінің халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Харухико Курода сайланды.
60 жастағы Х.Курода Азия даму банкінің президенті қызметіне 2005-жылдың 1-ақпанынан бастап кіріседі. Ол биылғы тамыз айында зейнет демалысына шығатынын хабарлаған Тадао Чиноны алмастырады.
Қазіргі таңда Х.Курода Жапония министрлер кабинетінің арнаулы кеңесшісі және Токио қаласындағы Хитотсубаши университетінің жанындағы жоғары экономика мектебінің профессоры болып табылады.
Азия даму банкінің жаңа президенті ақша-қарыз саясаты, айырбас бағамы, халықаралық қаржы саясатын үйлестіру, халықаралық салық және халықаралық келіссөздер мәселесі бойынша бірқатар кітаптардың авторы.