Азия даму банкінің президенті Қазақстан Елбасының Орталық Азияда экономикалық одақ құру туралы бастамасына жоғары баға берді

"Бұл - Орталық Азия аймағындағы барлық елдердің дамуына тың серпін беретін біртұтас экономикалық рынок құруды көздейтін маңызды бастама",- деді Х.Курода.

Сонымен бірге ол Қазақстан президентімен кездесуде Орталық Азия аймағындағы экономикалық ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылағанын жеткізді.
"Мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жоғары бағалаймын. Осы табысты нығайта түскен жөн",- деді ол.
"Азия даму банкі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңаша кезеңге ден қойғанын айта кеткім келеді. Ол жеке меншік сектормен арадағы ынтымақтастықты дамыту жоспарымен сипатталады. Біз Орталық Азиядағы аймақтық даму және жеке меншік секторды дамыту мәселелерін жан-жақты талқыладық",- деді ол.