Фестиваль ҚР Халық әншісі Бибігүл Төлегенованың батасымен басталды.
Фестивальдің ашылуын ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ашып берді. Фестиваль туралы министр Caravan.kz медиа порталының тілшісіне пікір білдірді.
“Өткен жолы Арман Дәулетияровпен сөйлескен кезде “Азия Дауысының арқасында үлкен арнада жұмыс жасағанын айтты. Осындай фестивальдің арқасында тағдырымды осы салаға бұрдым” деді. Осы фестивальдің арқасында көптеген жастар үлкен жұлдыз болды. Балаларымыз өсіп жатыр, әлеуеттері зор. Өте көптеген талантты балалар бар. Олардың әлеуетін іске асыру біздің міндетіміз деп ойлаймын. “Азия Дауысы” ғана емес, “Азия Дауысы” жүйелі жұмыстың бір бағыты ғана. Осындай жобаларды іске асыруды жоспарлау үстіндеміз. Тек Алматыда емес, Қазақстанның барлық аймақтарында дәл осындай фестивальдер болса мыңдаған балалардың жолы ашылады деп ойлаймын”, - деп пікір білдірді мәдениет министрі.
Концерттің ашылуында Молданазар, Мархаба Сәби, Райм, Ерке Есмахан, Мирас Жүгінісов, Ирина Кайратовна мен ZAQ өнер көрсетті.
Фестиваль ұйымдастырушы Арманжан Байтасов айтқандай енді “Азия Дауысы” фестивалі енді жыл сайын Алматы қаласының төрінде өтетін болады.
Бүгін фестивальдің екінші күні өтеді. Екінші күннің ең басты жұлдызы – әлемге әйгілі Black Eyed Peas тобы болмақ.
Ал фестивальдің жабылуында Орталық Азияның танымал жұлдыздары өнер көрсететін болады. Олар: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жамилә Серкебаева, Еркеш Шәкеев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Бауыржан Исаев және Өзбекстан жұлдызы Ялла тобы өнер көрсететін болады.