Азия ойындары - 2023: тағы екі жерлесіміз жүлделі болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы екі қазақстандық қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тимофей Емельянов - Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз байдаркада және каноэде есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-ші орын алды.

Сонымен қатар Тубаев Кирилл - Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол да байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-ші орын алды.


Айта кетері, Қазақстан қоржынына түскен қола жүлденің саны 24 медальге жетті. Бұдан бөлек, үш алтын мен бес күміс жүлдеміз бар.