Азия ойындары: Каратеші Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда Алпысбай екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен шықты. Жекпе-жек тартысты өтіп, бәрі соңғы секундтарда шешілді. Нәтижесінде қазақстандық 7:5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Қайсар Алпысбай 2022 жылғы Азия ойындарында ұлттық құрама үшін тоғызыншы алтынды алып берді. Сегізінші жүлдені каратеші Нұрқанат Әжіқанов алған болатын.