Сонымен, биылғы жылдың ең маңызды спорттық шарасы - Азия ойындарында ел намысын мына былғары қолғап шеберлері қорғайтын болады:
49 келі: Біржан Жақыпов (2013 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылы өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2010 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері).
52 келі: Ілияс Сүлейменов (2011 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері).
56 келі: Қайрат Ералиев (2013 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері).
60 келі: Берік Әбдірахманов (2013 әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2013 жылғы Азия чемпионы).
64 келі: Айдар Әмірзақов (2011 жылғы Азия чемпионы).
69 келі: Данияр Елеусінов (2013 әлем біріншілігінің, 2010 жылғы Азия ойындарының және 2013 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы).
75 келі: Жәнібек Әлімханұлы (2013 жылғы Әлем және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы).
81 келі: Әділбек Ниязымбетов (2012 жылғы Лондон Олимпиадасының, 2011 және 2013 жылғы әлем біріншілігінің және 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері).
91 келіге дейін: Антон Пинчук (2013 жылғы Азия чемпионы).
91 келіден жоғары: Иван Дычко (2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2010 жылғы Азиада ойындарының жүлдегері және 2013 жылғы Азия чемпион).
Боксшылардың арасында тек Біржан Жақыпов пен Иван Дычко ғана бұған дейін (2010 жылы) Азия ойындарына қатысқан.