Азия ойындарында қазақстандық волейболшы жігіттер енді 9-16 орындар үшін таласатын болды


Геннадий Паршин жаттықтыратын ұлттық құрама С тобында өнер көрсеткен болатын. Олар үндістандықтарға 1:3, оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен ұтылып, вьетнамдықтардан ғана 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша Оңтүтік Корея 6 ұпаймен - бірінші, Үндістан 5 ұпаймен - екінші, 4 ұпаймен Қазақстан - үшінші, ал 3 ұпаймен Вьетнам құрамасы төртінші орын алды. Біркүндік үзілістен кейін ертең командалар жүлделі орындарды сарапқа сала бастайды. Өз топтарында 1-2 орын алғандар - 1-8, ал 3-4 орын алғандар 9-16 орын үшін таласатын болады. 23-інде - 9-16, ал 24-інде 1-8 орындарға таласқан командалардың ақтық ойындары өтеді.