Сыр өңірінің саңлақтары мұнда спорттың 8 түрі бойынша өнер көрсетеді. Олардың арасында ауыр атлеттер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Дәурен Шәутаев, дзюдошылар Ғалия Өлментаева, Жанар Жанзұнова, Ұлан Рысқұл, велоспортшылар Берік Көпешов, Николай Иванов, Андрей Качешкин, жеңіл атлет Виктор Лептиков, еркін күрес балуаны Дәулет Ниязбеков, боксшы Марина Вольнова бар. Ал Әйгерім Маханова - көгалдағы хоккей, Гүлзира Ысқақова, Әсем Батырбекова, Ольга Егунова, Евгения Жулькина және Евгения Николаева қол добы құрамалары сапында күш сынасады.
Жалпы, бұл жолғы Азия ойындарында спорттың 57 түрі бойынша 476 медаль жиынтығын 12 мыңнан астам спортшы сарапқа салады. Қазақстан құрамасы солардың 36 түрінен өз бақтарын сынап көргелі тұр.