Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдивы және Солтүстік Корея волейболшыларымен бірге В тобында өнер көрсеткен болатын. Барлық ойында мерейі үстем болған ұлттық құрама енді 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алып отыр. Негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын олар ертең А тобында 4-орын алған Моңғолия спортшыларымен өткізеді.
Жалпы 18 қарашада басталған бұл дүбірлі доданың ақтық ойындары сенбіде болады.