Азия ойындарының алғашқы кезеңінде волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсететін болды

Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде В тобында өнер көрсетеді. Ондағы қарсыластары Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдив аралдары мен Солтүстік Корея волейболшылары. Ал жарыс қожайындары Таиланд, Оңтүстік Корея, Тәжікстан және Моңғолия спортшыларымен бірге А тобында сынға түседі. Бұл дүбірлі додада бас бапкер ел намысын қорғауды - Сана Жарлығасова, Людмила Анарбаева, Наталья Жукова, Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Олеся Арсланова Елена Эзау, Марина Стороженко, Юлия Куцко, Инна Матвеева, Ольга Дробышевская мен Ирина Лукомскаяға сеніп тапсырмақ. Олар бірінші ойынын 18 қарашада Мальдив аралдары, ал соңғысын 22-сінде Жапония құрамасымен өткізеді.

Жалпы Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері 27 қараша күні өтетін ақтық ойында белгілі болады.