Азия ойындары:Қазақстан құрамасы алтыншы орында келеді

Азиада ресми сайтының мәліметі бойынша, қазір түркімен спортшыларының 194 жүлдесі бар: 77 алтын, 54 күміс және 63 қола.

Жалпы есепте екінші орында тұрған Иран құрамасының 73 жүлдесі бар (20-15-43).

Түркімен спортшылары алтынның көбісін белдікпен күрес (36) және ұлттық күрестен (23) алды.

Бұған қоса түркімен атлеттері джиу-джитсу (7 алтын), бильярд (2), куреш (2), тай боксы (2), ауыр атлетика (1) және конкур (1) спортында алтын жүлделерге ие болд.