Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты

Шосседегі веложарыстан жекелей сында Кенжеғұл Сейтжан пилот Антон Лаврентьевпен бірге үздік үштікке ілікті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Мұнда оңтүстіккореялық Ким Чжун Бин жеңімпаз атанса, индонезиялық Нурфенди мәре сызығын екінші болып қиды.

Бұл – VІІІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты К.Сейтжанның осы Азиададағы екінші медалі.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Волейболдан отырып ойнаудан Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін сүрінбей жетіп, соңғы бәсекеде Иранға (14:25, 16:25, 18:25) 0:3 есебімен есе жіберді. Сөйтіп, қазақстандық параволейболшылар күмісті қанағат тұтты.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 7 алтын, 12 күміс, 21 қола жүлде бар.