Азия теннис федерациясының вице-президенті тағайындалды

Алқалы жиынның күн тәртібіне АТФ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қойылып, Қазақстан тарабынан аталған кеңес мүшелігіне ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев кезекті мәрте кіріп отыр. Сонымен қатар ол Азия теннис федерациясының даму және жасөпірімдер теннисі жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетерлігі, аталған лауазымға Қазақстан өкілі алғаш рет тағайындалып отыр.