Азиядағы апат аймағында жоғалғандар санатындағы Қазақстандық 20 азаматтың 9-ы табылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ-нің шұғыл телефон желісіне туыс-туғандарынң хабарласуы бойынша еліміздің 20 азаматы іздестіруде болған. Олардың 8-і апат алдында, 12-сі апаттан кейін өңір елдеріне барған. Сондай-ақ, цунами кезінде Пхукет аралында болған 3 адам әлі де хабар-ошарсыз.