Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы бұл жолы бірегей құжаттарды қабылдайды - ҚР СІМ

"Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының сенім шараларының каталогы - болашаққа бағышталған құжат",- деді Қ.Тоқаев. Оның айтуынша, "арнаулы комиссияның жұмысы барысында жалпылама сипаттағы құжат жасалды. Оны әзірлеу барысында мемлекеттер Еуропамен салыстырғанда мәдени алмасулар, экологияны бірлесіп қорғау мен экономикалық даму Азия құрлығындағы сенімді нығайтуда айрықша маңызды, тіпті шешуші роль атқаратынын мойындады". "Каталог дегеніміз - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің өзара араздықтан ортақ мүддені дамытуға сатылы түрде ден қоюын көздейтін біртұтас даму схемасы болмақ",- деді ҚР СІМ. "Біздің пайымдауымызша, каталогта қарастырылған шаралар Азия құрлығындағы мемлекеттердің сұранысын нақты айқындеп береді",- деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, ҚР СІМ-нің пікірінше, "Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы тағы бір маңызды шешімдердің бірі - Каталогтың лаңкестікпен күрес туралы жекелеген тәртіптерін дәйектеу болмақ". "Тәртіп-ережелер халықаралық ұйымдардың халықаралық лаңкестікпен күрестегі ролін арттыруды қарастырады",- деді ол. "Ал процедуралар ережесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің өкілдерінің құзыреті жан-жақты анықталған",- деді Қ.Тоқаев. Оның есептеуінше, "ережелерді қабылдау - Кеңестің құқықтық базасын қалыптастыру бағытындағы тағы бір қадам болмақ".
Қ.Тоқаев сондай-ақ, кездесу барысында ұйым хатшылығы туралы ережелер жобасы жасалатынын хабарлады. Ол Кеңес жұмысының тиімділігін арттыра түсуі тиіс. Алайда, Қ.Тоқаевтың айтуынша, "хатшылықты құру нәтижесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы қатаң құрылымды, бір бағытты ұйымға айналды деп санауға болмайды. Ұйымның мақсаттары өзге. Бірінші кезекте ол - кеңеске мүше елдер арасындағы пікір алмасын ауқымды алаңға айналады".