"Азиялық даму банкісінің басты міндеті, шағын және орта бизнесті қолдау. Бүгін біз шағын және орта бизнесті дамытуға 22,5 млрд теңге көлеміндегі екінші транш үшін мемлекеттік кепілдік беру мүмкіндіктері туралы сәйкесті жолдарды үкімет қаулысы арқылы мақұлдадық", деді Е.Досаев Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.
"Бұл қаржы теңге күйінде орналастырылады. Бүгін біз Ұлттық банкпен арада облигацияларды орналастыру мүмкіндігі, валюталық своп-операциялар жайы туралы келіссөздерді аяқтаудамыз", деді министр.