Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Онда жазушы діни дәріс алғаннан кейін саясатқа, мемлекеттік қызметке араласып жатқандарды сынайды. Сол сәтте Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған мен бүгінде АҚШ-та тұратын оппозиционер Фетхулла Гүленнің бір жиында қатар отырған суреті көрсетіледі. Сурет дәл сол хабарға қойылған ба әлде кейін монтаждап салынған ба, ол жағы бізге беймәлім.
Ал Әзиз Несин былай деп жатыр: "Діни оқулардан бастады. Бұл оқудан шыққандар мемлекеттік қызметке араласа бастады. Мемлекеттік қызметкерлердің елу пайызын солар құрайды. Тілші де, адвокат та, сот та, әкімдер де солардың арасынан келді. Бірақ жағдай бұлай болмауы тиіс. Олар не істеп жатыр дейсіздер ғой? Осы таңдаған жолдарымен халыққа қаһарман болып көрініп, олардың сеніміне кірмекші. Ең соңында халық бұлардың дегенімен жүретін болады. Егер бұл әдісі жүзеге аспаса, онда әскердің қатарына кіреді. Жыл сайын әскер қатарынан 500, 1000, 2000 діншіл шығарылып жатыр. Оларды қазірден бастап тоқтатпаса, ертең Түркияның басына қара бұлт үйіріледі".