ЮНЭЙДС мәліметтері бойынша кедей елдерде отбасын аштықтан сақтап қалу үшін көптеген әйелдер азық-түлікке қол жеткізу үшін жыныстық қатынастар қызметін көрсетуге мәжбүр болады. Сол арқылы ВИЧ-ті жұқтыру тәуекелі ұлғаяды.
Осыған байланысты ЮНЭЙДС әлемдік азық-түлік бағдарламасы мен әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып, азық-түлік пен тамақ, ВИЧ мәселесі жөніндегі ұсынысты дайындады. Бұл құжат азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге қатысатын қоғамдық ұйымдар, үкімет және тағы да басқа серіктестіктерге арналған. Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігімен күресте ВИЧ-ке шалдыққандардың ерекше тұтынуын ескеру керек. Құжатта сондай-ақ БҰҰ мүше мемлекеттердің мыңжылдық декларациясында 2015 жылға дейін ВИЧ-таралуын тоқтатып, аштық деңгейін төмендету міндеті бекітілгендігі еске салынды.
Ұсыныста көрсетілгеніндей, ВИЧ-ке шалдыққан аналарды емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету аса қажет, сол арқылы балаларға жұқпалы аурудың таралуын тежеуге болады. Онда ретровирус терапиясы кезінде дұрыс тамақтану ережесін ұстану маңыздылығы жөнінде айтылған.