"Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға жалпы көлемі 101 млн теңге бөлінді", - деп хабарлады Тағыберген Құрманәлин "қаражатты шаруалар биылғы жылдың көктемінде алып, әртүрлі қажеттіліктерге, оның ішінде қосымша көлік бөлшектерін және жанар-жағармай алуға жұмсалғанын" атап өтті.
Азық-түлік корпорациясы өкілдігінің басшысы "биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бидайдың әр тоннасы үшін 6 мың теңге қосымша төленетінін" атап өтті. "Бұл көктемде бір тонна бидайдың бағасы 12 мың теңгемен шығарылды. Алайда, соңғы өзгерістерге және қымбаттауға байланысты бір тонна бидайдың бағасы 18 мың теңгеге дейін көтерілгендегі айырмашылық", - деп түсіндірді ол.
Мемлекет қорына бидайды Мартөк және Әйтеке би аудандары мен облыс орталығының бес ірі ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден сатып алу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, "Акбар" ЖШС-нен (субсидия мөлшері - 15,6 млн теңге, 1,3 мың тонна астық қайтқан), "Родники" АҚ-нан (30 млн теңге, 2,5 мың тонна астық), "Шаңды" ЖШС (18,7 млн теңге, 1,5 мың тонна астық), "Арман" шаруа қожалығынан (5 млн теңге, 400 тонна астық), сондай-ақ, "Лад" ЖШС-нен (32,5 млн теңге, 2,6 мың тонна астық) алу көзделіп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті