Оның айтуынша, "корпорация 105 млн. доллар көлемінде несие тартуға 2004-жылдың ақпан айында тендер өткізген". А.Бейсенбаевтың хабарлауынша, тендерде "Кредит Свис Лондон"банкі жеңіске жетті. Сондай-ақ, корпорация вице-президентінің айтуынша, 2004-жылғы астық түсімін сатып алу үшін отандық банктерден де 30-40 млн. доллар көлемінде қаржы тартылады.
Дегенмен, "қазақстандық банктер несиелік шаттар туралы жақсылап ойланғаны дұрыс", деді А.Бейсенбаев. "Егер Батыстық банктер жылдық 5-7 проценттік өсім сұраса, отандық банктер 8-10 проценттік өсімнен дәмелі",- деді ол.
Үкімет қаулысына сәйкес, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" тартылған қаржы есебінен 2004-жылғы түсімнен 2 млн. тонна астық сатып алмақшы. Корпорация тек бидай ғана емес, сондай-ақ, жүгері, күріш және күнбағыс дақылдарын сатып алады.
2003-жылы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Еуропалық ірі банктерден 85 млн. доллар көлемінде синдикаттық несие тартқан. Бұл батыс банктерінің үкіметтен кепілдік сұрамай -ақ, ТМД тарихында алғаш рет ауылшаруашылығына инвестиция салуы болмақ.