Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы жарғылық капиталын 7 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр

Жарғылық капитал 2005-жылға арналған далалық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарлама аясында ұлғайтылмақ.

Бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапқан бағдарлама қазір ауылшаруашылығы министрлігінде ақырғы келісу сатысынан өтуде. Бұдан кейін ол тиісті қаулы қабылдау үшін үкіметтің қарауына ұсынылады.