Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 1 млн тоннаға дейінгі астықты коммерциялық ресурстарға сатып алмақшы

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы өз қаржысының және тартылған қаржының есебінен коммерциялық ресурстарға 1 млн тоннаға дейін астық жинамақшы, оның 186 мың тоннасына көктемгі қаржыландыру есебінен шарт жасалса, қалғаны күзде сатып алынады", - деді Р. Әзімов.

Сондай-ақ, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мемлекеттік қорға 400 мың тонна астық сатып алмақшы. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12,2 млрд теңге бөлінген.

"Бүгінгі жағдаймен тұқым себу және астық ору науқанын қаржыландыру есебінен 320 мың тоннасына шарт жасастық", - деді ол.

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының қазір республиканың 10 облысында, сондай-ақ, шетелдерде Ұлыбританияда (Лондон), Ресейде (Москва), ҚХР (Пекин), Иран Ислам Республикасында (Тегеран), Әзербайжанда (Баку) өкілдіктері бар.

1998 жылдың тамыз айынын бері Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Астық және фураж саудасы жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (GAFTA) мүшесі, бұл астық жіберу шарттарын халықаралық стандарттарға сай жасасуға және дауларды Лондондағы GAFTA Арбитражында талқылауға мүмкіндік береді.