Министрдің айтуынша, "ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін тиімді қолдау үшін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы жалпы алғанда 27 млрд. теңгеге 2 млн. тоннадан кем емес астық сатып алуды көздеп отыр".
"Күн райының қолайсыз болғанына қарамастан, биыл бункерлік салмағы бойынша 13,9 млн. тонна астық орылды",- деді С.Үмбетов. "Жалпы жиналған астық көлемі елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге және елдің экспорттық әлеуетін 2005-жылы 5 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деді министр.