Азық-түлік келісімшарты корпорациясы 2008 жылы ауыл шаруашылығына 70 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр

"Биыл корпорация ауыл шаруашылығының өндірісіне 70 млрд теңгеге дейінгі көлемдегі қаражат салуды жоспарлап отыр. Оның 39 млрд теңгесі астық саласын қаржыландыруға жұмсалады", - деп мәлімдеді Р. Әзімов.

Сонымен қатар, ол жер иелерін қаржыландыру шарттарының өзгергенін хабарлады. "Көктемде жер иелері гектарына 100 АҚШ доллары қаржыландырылады. Ал баға күзде дүниежүзілік нарық жағдайына сәйкес анықталады", - деп түсіндірді "Азық-түлік келісімшарты корпорациясының" басшысы.