Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы "Ақбидай-терминал" АҚ-ның акцияларын екі бөліп сатып алған. 2005-жылдың мамыр айында акциялардың 49 проценті немесе 49980 данасы, ал маусым айында қалған 51 проценті немесе 52020 данасын сатып алды.
Сөйтіп корпорация аталмыш акционерлік қоғамды толық иелігіне алды.
"Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ негізінен мемлекеттік астық ресурстары мен оны өңдеу өнімдерін сатып алу, құрастыру, есепке алу, сақтау шараларын ұйымдастыру, жаңалау, тасымалдау және сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, республика үкіметі анықтайтын басқа да функцияларды атқарады.
"Ақбидай-терминал" АҚ Каспий теңізіндегі Ақтау сауда айлағында астық терминалына ие.