Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы үстіміздегі жылы 3 млн тоннаға жуық астық сатып алады - Ауылшаруашылық министрлігі

"Қазір Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы облыс әкімдерімен бірлесе отырып, корпорацияның қаржысы есебінен әрбір облыста тұрақтандырушы астық қорын құру мақсатында 3 млн тонна астық сатып алуда",- деді А. Күрішбаев.

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы вице-президенті Александр Солюлев өз кезегінде, 2 млн тоннаға дейін астық коммерциялық сатып алу аясында алынатындығын, сонымен қатар сатып алу бағасы 3-ші класс бидайының тоннасына 205 АҚШ доллары көлемінде бекітілгендегін түсіндіріп өтті. Тұрақтандыру қоры үшін "баға аймақтарға байланысты 180-190 АҚШ доллары аралығында болады".

А. Солюлев сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін "осы жылғы өнімнен Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы қара бидай, арпа, 4-ші класстың бидайын сатып алынғандығын" хабарлады. "Бірақ коммерциялық бағдарлама бойынша да, тұрақтандыру қоры бойынша да негізгі сатып алынып жатқаны - 3-ші кластағы азық - түлік бидайы",- деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, тұрақтандыру қорын құру мәселесі қазір облыс әкімдерімен пысықталуда. "Біз орталық аймақтармен түрлі жолдарды дәйектедік, олар өздерін 100 пайызға қамтамасыз ететіндігі сөзсіз, ал дотацияға иек сүйейтік өңірлер әлі сол күйінде қалып отыр және біз мемлекеттік бағдарлама бойынша да, коммерциялық ресурстар бойынша да сатып алған қордан оларға астық беруге тура келеді",- деп түсіндірді А. Солюлев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті