Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

"Қазақстанда жыл сайын 3,5 млн тонна астық тұтынылады, бұл тұтынымның бір бөлігі, шамамен 2,5 млн тоннасын дәстүрлі ішкі нарыққа жұмыс істейтін астық компаниялары қанағаттандырады", - деді А. Күрішбаев.

Оның пікірінше, "астық көлемінің 1 млн тоннаға жуығы проблема тудыруы мүмкін, қазір оның 400 мың тоннасын Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мемлекеттік қорға сатып алуда". "Сөйтіп, 600 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қорын құру мәселесін шешу қажет, ол үшін түсім жинау жұмыстары басталғанға дейін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет", - деді министр.