Биыл қымбат емес бір пансионатта үш мәрте тамақтана отырып демалу құны $25 болмақ, ал былтыр ол $20 құраған.
Б. Молбашеваның айтуынша, пансионаттар мен коттедждерге жолдама құны орта есеппен 15 - 20%-ға қымбаттады. "Қымбат пансионаттардағы жанға жайлы демалатын жайлар тәулігіне орта есеппен $120 - 140 болмақ, ал 2007 жылы бұл баға Ыстықкөлде демалығысы келетіндер үшін $100 - 110 болған. Ал ыстық суы, душы, жолдамаға қамтылған үш уақыт тамағымен ең қымбат "Карвен 4 сезона" қонақүйінде демалу бір адамға күніне $200 болмақ. Былтыр бұл баға 150 - 160 АҚШ долларын құраған", - деді ол.