Мемлекеттік агенттік жетекшісі Болатбек Қуандықов дүйсенбіде үкіметтің отырысында құжатты ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Шаралардың кешенді жоспары ведомство қызметінің негізгі бағыттарын қамтып отыр, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жаңа үлгісін және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу, қауіптерді бағалау жүйесін жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қадағалау жүйесін қайта құру көзделген, делінген онда.
"Қазақстанның ғылыми-зерттеу және диагностикалық әлуеті Алматыда пайдалануға 2017 жылы берілетін Орталық референс-лаборатория есебінен сондай-ақ GMP халықаралық стандарттарына сай диагностикалық және иммунобиологиялық препараттар өндірісі кешенін құру есебінен күшейтілмек, делінген онда.