Азық-түлік қоймасы отқа оранды


Қоймадан шыққан қою қара түтін айналаны басып қалған. Қайта жалын тура іргедегі жанармай бекетіне жетпей ауыздықталды. Әзірге өрттен келген шығын көлемі белгісіз. Бір анығы қойма іші түрлі консервілер мен тез даярланатын кеспеге толып тұрыпты. Оған қоса ауладағы екі жүк көлігі де жанып кеткен. Болжам бойынша, от электр желісінің қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.