Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4 пайызға өсті

Ағымдағы жылғы мамырда өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 2,1 есе, ал май және тоң майға - 23,5, ұнға - 19, жемістер мен көкөністерге - 16,4, қантқа - 16,3, сүт өнімдеріне - 10,3, кофе, шай және какаоға, макарон өнімдеріне - 8,7, кондитерлік өнімдерге - 7,3, нанға және алкогольді ішімдіктерге 4,6 пайызға өсті.

Аталған кезеңде ет (ет өнімдерін қоса) бағасының өсімі 15 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 18,5, құс етіне - 10,8, жылқы етіне - 10,2, шұжық өнімдеріне - 9,8, шошқа етіне 5,5 пайызға жоғарылады.