Ет және ет өнімдері - 13,2% қымбаттады. Бір килограмм шошқа етінің республика бойынша орташа бағасы 2005 жылдың сәуірінде 408 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 114 теңгеге артық, жылқы еті - 453 теңге, бұл тиісінше 53 теңгеге артық, сиыр еті - 386 теңге, 36 теңгеге артық, қой еті - 459 теңге, 28 теңгеге артық.
Жеміс және көкөністердің бағасы 29,6% өсті. 2005 жылдың маусымында бір килограмм қырыққабат 75 теңге болды, бұл 2004 жылдың тиісті айындағыдан 40 теңгеге артық, қызанақ - 176 теңге, 35 теңгеге артық, сәбіз - 70 теңге, 32 теңгеге артық, қызылша - 72 теңге, 29 теңгеге артық.